Chery Al-Farabi (Алматы)
Асқар Қонаев көш. 12/1

Astana Motors Еуропаның жүрегі саналатын Чехияда ресми дистрибьютор атанды. Chery Tiggo 7 және Tiggo 8 модельдері бензинді және гибридті (PHEV) нұсқаларымен биыл күзде сатылымға шығарылады.
Chery бренді атынан Еуропаның кіндігінде өкіл болу — біз үшін үлкен мәртебе. Бұл — біздің іскерлік тәсіліміздің халықаралық стандарттарға сай екенін мойындау. Chery — инновация мен қолжетімділіктің қатар жүретінін дәлелдеген бренд. Біз бұл құндылықтарды қолдаймыз және оларды жаңа нарықтарға шығаруға дайынбыз. Қазақстанда Astana Motors Chery брендін дамыту жолында дилерлік желі құрудан бастап төл өндірісін іске қосуға дейін табысты жұмыс істеп келеді. Бұл тәжірибені Чехияда да іске асыруға дайынбыз”, — дейді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Chery-дің халықаралық аренадағы орнын нығайту — біздің басты мақсатымыз. Осы ретте нарықтың талаптары мен тұтынушылардың сұранысына сай келетін тиімді шешімдер ұсынғымыз келеді. Чехиядағы мақсаттарға жету жолында Astana Motors сенімді серіктес болады деп сенеміз”, — дейді Chery International компаниясының Чехиядағы директоры Алекс Чжан.

Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.

Менің таңдауларымды орнатыңыз